{metadescription}
ШҚО-да 50 гектар орман күлге айналды  
ШҚО-да 50 гектар орман күлге айналды  

ШҚО-да 50 гектар орман күлге айналды  

Шығыс Қазақстан облысында орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау екі алқапта тұтанған. Өрт сөндірушілер жалынның бір ошағын ауыздықтағанымен, екіншісі ырық берер емес. Қазірдің өзінде от 50 гектар жерді күлге айналдырған.

Өрт Құлжа мемлекеттік табиғи қорық аумағында тұтанған. 120 гектар аумаққа жайылып құрғақ шөп пен ағаштарды шарпыған. Ал екінші өрт Ұлан ауданындағы Ақбұлақ орман шаруашылығы аумағында тіркелді. Әзірге төтеншеліктер қарағайлы алқаптағы өртті толық ауыздықтай алмай отыр. Бар күшті жалынның әрі қарай таралмауына жұмылдырған. Әуеден су себетін екі тікұшақ тартылып, «ҚазАвиаОрманКүзеті» мекемесінің қызметкерлері мен жергілікті орманшылар өртпен арпалысып жатыр.

Арман Есентаев, ШҚО Табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары:

- Көлемі 50 гектар болып тұр. Қазір өрт сөндіруге қолданыстағы 6 өрт сөндіру техникасы, қосымша 19 УАЗ көлігі, патрульдік көлік жұмылдырылды. Жалпы саны 150 адам. Қазір көбейіп барады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде