{metadescription}
ҚТЖ: Айлықты өсіру үшін тарифті көтеру қажет
ҚТЖ: Айлықты өсіру үшін тарифті көтеру қажет

ҚТЖ: Айлықты өсіру үшін тарифті көтеру қажет

Айлықты өсіру үшін тарифті көтеру қажет! «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания жалақы мәселесін осылай шешпекші. Қазір теміржол саласында жүрген жұмысшылардың 80 пайызының жалақыға көңілі толмайды.

Бірақ жаңа тариф жолаушылар пойызына қатысты емес. Азаматтарға арналған билет бағасы өзгеріссіз қалады. Өйткені оны мемлекет 30 миллиард теңгемен субсидиялайды. Ал жүк пойыздарының тасымал құны биылдан бастап қымбаттауы мүмкін. Транзит және экспорт жүк тасымалының бағасы өседі.

Компанияның мұндай қадамға баруына Қазақстанның Ресей арқылы транизитінің 43 пайызға төмендеуі де себеп болған. Осылайша шеттен келетін кірістің жартысына жуығы кеміген. Енді осының орнын толтыру үшін тарифті көтеруге мәжбүрміз дейді компания басшысы Нұрлан Сауранбаев. «Қазақстан темір жолы» компаниясы қызметкелерінің жалақысы биыл 25-30 пайызға дейін өсірілген.

Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан темір жолы"ҰК" АҚ басқарма төрағасы

- Біздің компания өте үлкен. Барлық түсімді қызметкелердің айлығына жұмсаймыз. Жалақы қоры 331 миллиард теңге. Биыл айлық өсіміне 70 миллиард теңге жұмсадық, былтыр 63 миллиард теңгені осы мақсатта қолдандық. Еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы біздің экономикалық көрсеткіштерге қатты әсер етеді. Геосаяси ахуал салдарынан Ресейден транзит түсімнің азаюына байланысты шығынның бір бөлігін өтеу үшін жүк тасымалы бағасын көтеруге мәжбүрміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде