{metadescription}
Алматыда кене қаптады
Алматыда кене қаптады

Алматыда кене қаптады

Алматыда кене қаптады. Эпидемиологтар қауіпті індет тарататын улы жәндіктен сақтануға шақырады. Әсіресе демалыс күндері табиғатта демалуды жөн көретіндерге кенеден келер қауіп көп.

Мамандар кене шаққан жағдайда бірден Ұлттық сараптама орталығына жүгінуге кеңес береді. Энцефалиттің бар-жоғын сынама тапсырып қана анықтай аласыз. Тау бөктеріне, саябақта серуендеуге жабық киім киген жөн. Зинякестер маусым айының соңына дейін белсенді болады. Кей жағдайда оның шаққанын адам сезбей де қалуы мүмкін. Тістеген жеріне сіресіп жабысып алса, оны тек дәрігердің көмегімен залалсындыруға болады. Алматының инфекциялық стационарында ауыр хәлде жатқан науқастар жоқ. Кене шаққандардың дені амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жалпы сәуір айының басынан бері Алматыда 40 тұрғынды кене шаққан. Арасында балалар жоқ.

Бауыржан Омаров, Алматы қаласы жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Ауруханамызға кене шағып келген 40 адамның бәріге кене иммунно глобулині салынды. Алматыда кене шағу ықтималы жоғары аймақтар бар: Көктөбе, Бутаковка, Медеу, Алмарасан шатқалдары. Кене наурыздан қазанға дейін белсенді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде