Теңге неліктен сәуір айында нығайды?
Ұлттық банк сәуір айында валюталық интервенция жүргізген жоқ. Зейнетақы активтері мен сенімгерлік басқарудағы қорларына шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын уақытша тоқтатқан. Нәтижесінде ұлттық валютамыздың құны тұрақталды. Бүгін бас банк сәуір айында теңгенің неліктен нығайғанын түсіндіріп өтті.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
03.05.2022
Өткен айда отандастарымыз шетел валютасына аса қызықпаған. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың жалпы көлемі 1,9 млрд доллар болған кезде, сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 179 млн АҚШ ақшасынан 92 млн долларға дейін төмендеді. Сәуір айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы бір доллар ға 445 теңге 62 тиынға дейін немесе 4,6 пайызға нығайған. Дегенмен Ұлттық банк қысқа мерзімді болжамында ұлттық валютамыздың бағамы геосаяси жағдайдың өзгеруіне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты екенін айтты.
Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз хатшысы:
- Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті, олар ішкі валюта нарығында шамамен 253,2 млн АҚШ доллары болды. Сәуір айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз етуге валюта сату 168,3 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!