{metadescription}
Қаңтар: Бас прокуратурада қанды оқиға туралы жаңа мәлімет берді
Қаңтар: Бас прокуратурада қанды оқиға туралы жаңа мәлімет берді

Қаңтар: Бас прокуратурада қанды оқиға туралы жаңа мәлімет берді

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікұйымдастырды және оған қатысты деген айыпқа 721 күдікті ілінген. Оның 281-інің қолына кісен салынып темір торға тоғытылыпты. Ұсталғандардың басым бөлігі Алматыда. Бас прокуратурада қанды оқиға туралы жаңа мәліметтермен бөлісті.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасы бірінші қызмет бастығының орынбасары:

- Алматы қаласында 6қаңтарда Көктөбе телемұнарасын басып алуға оқталған бұл оқиғалардың басқа қатысушысы анықталды. Стратегиялық нысанды басып алудың негізгі мақсаты – жалған ақпарат тарату арқылы азаматтардың көшеге шығуын үгіттеу үшін теледидар мен радиоарналар жұмысын бақылау болған. Осы қалада «Анна» қару-жарақ дүкенінің тонауға қатысқан үшеуі ұсталды.

5-қаңтарда Қызылордада ұлттық ұланның КамАЗ жүргізушісін жаппай тәртіпсіздікке қатысқан адам аяусыз соққыға жыққан. Ол әскери техниканың газ басқышына кірпіш қойып, әскери қызметшілерге қарай бағыттаған. Өзі көлік кабинасынан сол сәтте секіріп кетіпті. Ал көлік қатты жылдамдықпен әскерилерді қағып, 20 жастағы сарбаз қаза тапқан. Күдікті қазір қамауда отыр. Құқық қорғау органдары қаңтардағы қақтығыс кезінде азаматтардан ұрланған мүлікті табу мен тәркілеп жатыр. Бүгінде полицейлер 340 миллион теңгенің мүлкін кері қайтарды. Барлығы мың жарымдай қару мен 36 мыңнан аса оқ-дәріні тәркілеген.

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Бүгінде ішкі істер органдары тергеушілерінің өндірісінде бұрын қабылданған шешімдерді қоспағанда, 1150 қылмыстық іс бар. Олардың негізгі бөлігін ұрлық құрайды. Қарудың заңсыз айналымы – 146, қасақана бөтеннің мүлкін бүлдіру – 23 және тағы басқалар. Осы істер бойынша 150 адам ауыр қылмыс жасады деген күдікпен күзетпен ұсталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.