{metadescription}

Қапшағай енді Қонаев қаласы деп аталады

Қапшағай енді Қонаев қаласы болады. Шаһардың атауы ресми түрде ауысқаны жөніндегі Жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Ол  ресми жарияланған күннен бастап, яғни бүгіннен қолданысқа енеді.

Мемлекет басшысы 16 -наурызда Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір екенін мәлімдеген еді.  Жолдаудан соң ұсынысты талқылау басталып кетті. Осылайша өткен ғасырдың 70-жылдары құрылған шағын қала енді қазақтың біртуар азаматының есімімен ұлықталды. Алматыдан 53 шақырым қашықтықта орналасқан шаһардың бүгінде 2 округі мен 11 елдімекені бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде