{metadescription}
Жамбыл облысында қаза тапқан сарбазға әлімжеттік көрсеткен
Жамбыл облысында қаза тапқан сарбазға әлімжеттік көрсеткен

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбазға әлімжеттік көрсеткен

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық сарбазға әлімжеттік көрсетілген. Бүгін Бас әскери прокуратура Әлібек Қалбайдың өліміне қатысы бар күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады.

Ол марқұмның қаруласы болып шыққан. Күдікті ұсталып, қамалыпты. Оны күдікті деп тануға куәгердің сөзі мен күш қолданылғанын растайтын сот-медициналық сараптама қорытындысы себеп болған.

Осыдан бір апта бұрын  Қордайдағы Гвардейский әскери бөлімінде Маңғыстаудан әскер қатарына шықырылғана небәрі екі күн болған жауынгер қаза тапқан. Қорғаныныс министірлігі сол кезде жас сарбаздың сапта тұрған жерінен есінен танып құлағанын айтқан. Бұл қайғылы жағдай қоғамда үлкен дау туғызып, Президенттің өзі кінәліні шұғыл анықтауды тапсырды. Ал қаза тапқан жауынгердің жақындары оған әлімжеттік жасалғанын айтқан. Өйткені оның денесінде соққының іздері болды. Енді сол күдік расталып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде