{metadescription}
«Альфа банк» енді Eco bank деп аталады
«Альфа банк» енді Eco bank деп аталады

«Альфа банк» енді Eco bank деп аталады

«Альфа банк Қазақстанның» атауы өзгерді. Батыстың Ресейге қарсы санцияларының тоқсауылына тап келген банкты биыл наурызда «Банк Центр кредит» сатып алуға келіскен. Осылайша арадағы құжаттар толық реттеліп, ресейлік еншілес банк 100 пайыз акциясын өткізді.

Қайта тіркеуден өткеннен кейін банк жаңа Eco bank брендімен жұмысын жалғастырады. «Банк Центр кредит» таратқан ресми ақпаратында барлық шарт бұрынғы клиенттерге өзгеріссіз қалады.

«Альфа Банк Қазақстанды» сатып алуға кеткен «Центр кредит» өз қаржысын жұмсады. Қазір банктің ребрендингі бойынша жұмыс басталып кеткен.

Ғалым Хұсайынов, БЦК басқарма төрағасы:

- Санкцияға ұшыраған банкті сатып алу Қазақстанда алғаш рет және барынша қысқа мерзімде жүзеге асырылып жатыр.  Бізге басты басымдық –  тұтынушылар сұранысын шешу. Қызметкерлердің бір команда болып жұмылып, жаңа банктің бизнеспроцестеріне атсалысуын қамтамасыз етуіміз керек. Мұның бәрі келешекте ұзақмерзімді және әріптестік қатынас орнатуға ниетті клиенттерімізге арналған жаңа әрі қарапайым өнімдерді іске қосып, банктің жағдайын жетілдіруге жол ашады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде