{metadescription}
27 жыл ішінде Ата заңға жеті рет түзету енгізілді
27 жыл ішінде Ата заңға жеті рет түзету енгізілді

27 жыл ішінде Ата заңға жеті рет түзету енгізілді

Ата заңдағы жаңа өзгертулердің соңғы нұсқасы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Дәл осы жаңашылдықтарға қазақстандықтар қарсы, не қарсы еместігін білдіріп, бір айдан соң, 5-маусымда дауыс бере алады.

Жалпыхалықтық дауыс беру кезінде «Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген бір ғана сауал қойылады. Бірден 33 бап пен 50 тармаққа енгізілетін өзгертулердің  ішінде Президенттің ешбір партияда болмауы, мемлекет басшысы туыстарының жоғары мемлекеттік лауазымдарды атқаруы, өлім жазасын алып тастау, Тұңғыш Президент мәртебесі туралы құжатты алып тастау көзделіп отыр.

27 жыл ішінде Ата заңға жеті рет түзету енгізілді. Оның бесеуіне халық қатысқан жоқ, тек Парламент араласып, түзетті. Ендігі референдумда азаматтардың пікірі маңызды.

Марат Бәшімов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптама институтының директоры:

- Заң тілінде айтқанда, референдум деген халықтың еркі. Конституция бойынша бізде халық биліктің қайнар көзі болып саналады. Референдум өткізу – халықаралық  тәжірибе. Адам құқықтары жөніндегі институттар, Конституциялық соттар, әкімдердің сайлануы, Президенттің саяси бейтараптылығы – бәрі де әлемдік тәжірибеден алынған. Мұның барлығы адам құқығының сақталуын жақсартады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.