{metadescription}
Ақтөбенің қақ ортасындағы тоғыз қабатты үй өртенді
Ақтөбенің қақ ортасындағы тоғыз қабатты үй өртенді

Ақтөбенің қақ ортасындағы тоғыз қабатты үй өртенді

Ақтөбенің қақ ортасындағы тоғыз қабатты үй өртенді. От төртінші қабаттан тұтанған жалын жоғарыға қарай тез тараған. Ғимараттың бір жақ бөлігіндегі балкондар жанып кетті. 

Светлана Котлерова, Ақтөбе қаласының тұрғыны: 

- Үйімде отырғанда тарсылдаған дыбыс естілді. Балконымды жүгіріп барып жауып үлгердім. Подъезге шықсам, көк түтіннен ештеңе көрінбейді. Үстімде не бар, сонымен далаға атып шықтым. Осы маңда жүрген жастар тұрғындардың сыртқа шығуына көмектесіп жүрді.

Оқиға кеше кешкісін болған. Будақтаған көк түтін алыстан көрініп тұрды. Дереу үйдегі алпыс адам сыртқа шығарылған. Құтқарушыларға сол маңда кетіп бара жатқан студенттер де көмектесіп, әр пәтердің есігін қағып, іште адам қалмауын қадағалапты. Жоғары қабатта тұратын он адамды автосатының көмегімен жерге түсіріп алды. Үйдің қасбеті тез тұтанатын пенопласт материалымен қапталған. Сондықтан өрт жылдам өршіген. Бүгін таң ата от қайта тұтатыныпты. Балкондардың бірінде көрпе бықсып, ол лезде өшірілген.

Төрт жыл бұрын осы орталық даңғылдағы тоғыз қабатты үйдің қасбеті өртеніп, оннан аса пәтер бүлінген. Бұл жолы тек балкондарды ғана от шарпыды. Ыс үйге кірмеген.

Евгений Овчарский, Ақтөбе облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Үйдің қасбетін әкімдік алып тастауды жоспарлап отыр. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. Сондықтан нақты уақытын айта алмаймыз. Бірақ тез тұтанатын материалмен қапталған бірнеше үйдің қабетін бұзу керектігін бұған дейін де ескерткенбіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде