{metadescription}
Сүйінші: Жеңістің жетпіс жетінші көктеміндегі ең жағымды жаңалық
Сүйінші: Жеңістің жетпіс жетінші көктеміндегі ең жағымды жаңалық

Сүйінші: Жеңістің жетпіс жетінші көктеміндегі ең жағымды жаңалық

Жеңістің жетпіс жетінші көктеміндегі жағымды жаңалықтың бірі: Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың Рейхстагқа бірінші ту тіккенін растайтын құжат елге жеткізілген еді. От пен оқтың ортасында ерен ерлік көрсеткен отандасымыздың есімі бүгін елеусіз қалмады.

Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу елордадағы Рахымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырдың рухына тағзым етті.

Бас қаладағы бірнеше батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының рухына тағзым етсе, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов екі мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бигелдиновті бір минут үнсіздікпен еске алды. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин қазақтың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткішіне барып, батырлар ерлігіне құрмет көрсетті. Тек билік өкілдері ғана емес, қарапайым қала тұрғындары да бейбітшілік жолында жан берген отандастарымызды ұлықтап жатыр.

Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы:

- Дәл осы 9 мамыр Жеңіс күнінің қарсаңында бесінші мамырдан бастап бізде, Нұр-Сұлтан қаласында жеңіс ленталарын таратып бастадық. Қырық мыңнан аса жеңіс ленталары таратылды осы үш күннің ішінде. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне кешке қарай отшашу да қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде