{metadescription}
Жеңіс күні: 77 жылдан соң «Халық қаһарманы» атағын алды
Жеңіс күні: 77 жылдан соң «Халық қаһарманы» атағын алды

Жеңіс күні: 77 жылдан соң «Халық қаһарманы» атағын алды

Отан үшін отқа түсіп, елі үшін жанын қиған майдангерлер жайында білгенімізден, білмегеніміз көп. Екінші дүниежүзілік соғыста бір өзі 289 жаудың көзін жойған сарбазды естіп пе едіңіз? 

Ол Жамбыл облысының тумасы - Ыбырйым Сүлейменов. Кейбір деректерде сұрмергеннің 306 фашисті жер жастандырғаны айтылады. Ал сол көзсіз ерлік жасаған батыр, 77 жылдан соң лайықты құрметке ие болып, «Халық қаһарманы» атағын алды.
Ыбырайым Сүлейменов 1911 жылы Сарысу ауданында дүниеге келген. Ол 1941 жылы, яғни 30 жасында бес бауырымен әскерге аттанады. Ағайындылардың үшеуінен содан бері еш хабар жоқ. Біреуі аман –есен үйіне оралған. Ал Ыбырайым Сүлейменов 100 –атқыштар бригадасында бірден мергендікті меңгерген. Сөйтіп Мәскеу маңындағы түрлі ұрыстарға қатысып, жалпы саны 289 жаудың көзін жойып, аты аңызға айналды.

Айткүл Сүлейменова, Ы.Сүлейменовтің қарындасы:

- Отанымды қорғаймын. Әке-шешесі жылап жатса жыламаңдар, жеңіп қайтамын, уәдемді беремін деп. Сөйтіп әке шешесіне ант беріп кеткен. Мүмкін емес, қазақтар жеңеді деп.

Сүлейменов Невель қаласын азат ету үшін болған кескілескен шайқаста бір өзі 102 фашисті жер жастандырған. Бірақ өзі де сол ұрыста қаза тапты. Денесі өзі қорғаған қаланың қақ отасына жерленген. Осы жанқиярлығы үшін сұрмерген бірнеше мәрте «Кеңес одағының батыры» атағына ұсынылыпты. Алайда тек «Ленин» ордені берілген. Арада 77 жыл салып тарихи әділдік салтанат құрды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ержүрек сарбаздарымыздың ерен ерлігі лайықты бағасын алуға тиіс. Мен Төлеуғали Әбдібюековке, Александр Несмияновқа, Ыбырайым Сүлейменовке  «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым.  

Қарт майдангер ұрпақтарының қуанышында шек жоқ. Олар бұл күнді асыға күтті. Ең жоғарғы награда батырдың қарындасы Айткүл Сүлейменоваға табысталды.

Айткүл Сүлейменова, Ы.Сүлейменовтің қарындасы:

- Өте қуаныштымыз. Біздің көптен, аңсап күткен арманымыз еді. Бүгін арманымызға жетіп отырмыз. Мен мұны Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан алғаныма өте мақтан тұтамын. Көп алғыс айтамын. Өлгенімізді тірілтіп, бізге бақыт сыйлағаны үшін.

Құралайды көзге атқан мергенге бұған дейін де құрмет көрсетіліп келген. Аймақта бірнеше мектеп пен көше батыр есімімен аталады. Және оғланның ерлігін ұлықтау үшін жылда мереке қарсаңында батырдың ұрпағымен кездесу дәстүрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде