Алматылықтар әскери ботқаның дәмін татты
Қан майданда жауынгерге нәр берген тағам үшін алматылықтар ұзын-сонар кезекке тұрды. Cоғыс ардагерлерлеріне арналған салтанатты шарада қала тұрғындары әскери ботқаның қалай әзірленетін өз көзімен көріп, дәмін татып қайтты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
09.05.2022
Талайға таңсық тағам жауынгер ботқасын 30 адам бірселіп таңғы сағат алтыдан бастап дайындаған. Екі мың адамға шақталып жасалған әскери ас сұрапыл соғыста сарбаздарға тамақ пісіретін дала асханасында әзірленді. Сол соғыс уақытындағыдай қарақұмық пен бұқтырылған ет. Панфиловшылар саябағында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік дастархан жайылды. Сарбаз ботқасынан дәм татумен қатар, қару-жарақ пен 25 әскери техниканың көрмесі де өткізілді.
Бауыржан Аланов, ҚР ҚК Алматы гарнизоны материалдық қамтамасыз ету әскери бөлімінің командирі:
- Алматы гарнизонының әскерлерімен 9мамыр мерекесіне Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне әскери ботқа дайындалды. Және де әскери техникалар сапқа тұрғызылды. Монументке гүлдер қойылды. Екі-үш күнде дайындалдық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!