{metadescription}
Сарыағашта жатақхана дәретханасы толып, айналаны сасытып жатыр
Сарыағашта жатақхана дәретханасы толып, айналаны сасытып жатыр

Сарыағашта жатақхана дәретханасы толып, айналаны сасытып жатыр

Түркістан облысындағы тұрғындар нәжіс иісіне тұншығып отыр. Сарыағаш қаласындағы отбасылық жатақхананың дәретханасы толып, әжеті бірнеше жылдан бері сыртқа ағып,  айналаны қолқа қабатын ащы иіс алып кеткен.

Сәуле Тыныбекова, Сарыағаш қаласының тұрғыны:

- Мынаның бәрі боқ-сідік. 58 отбасының боқ-сідігі тасып жатыр. Жылдар бойы алысып келеміз. Көшеде ағып жатады. Көшеде арық бар, соған барып қосылады. Балалар осы жерде ойнайды. Қотыр шығып жатыр.

Жұрт «Титаник» деп атап кеткен отбасылық жатақхана тұрғындары даладағы дәретханаға барады. Бірақ ол күл-қоқысқа толып, нәжіс сыртқа ағып жатыр. Тіпті лас су осы маңдағы жер үйлерге де жеткен. Ал аузы-мұрнынан шыққан дәретхананы үнемі сорғызып тұруға тұрғындардың қалтасы көтермейді.

Жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар. Бірақ Сарыағашта кәріз жүйесі жоқ деп қол қусырып отыр. Сондықтан алдағы уақытта жатақхана тұрғындарына басқа жерден дәретхана салып беру мәселесі қарастырылып жатыр екен.

Ержан Әділов, «Сарыағаш тұрғын үй шаруашылығы» ЖШС басшысы:

- Жатақхана қасынан жер сұрауға келіскенбіз, септик бойынша. Әкімі атынан жазылады ғой, менің атымнан емес. Қала әкімінің атынан жазылған. Соның жауабы келіп қалуы керек. Болмаған күнде қаралады ғой, ары қарай. Және басқа жерлерді қарастыратын шығармыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде