{metadescription}
Қызылорда, Маңғыстау облыстарын қатты құрғақшылық күтіп тұр
Қызылорда, Маңғыстау облыстарын қатты құрғақшылық күтіп тұр

Қызылорда, Маңғыстау облыстарын қатты құрғақшылық күтіп тұр

Қызылорда мен Маңғыстау облыстарын тағы қатты құрғақшылық күтіп тұр. «Қазгидромет» мамандарының болжамынша, мамыр айында жауын-шашын аз болады. Құрғақшылықтың зардабын тартпайтын өңірлер де бар. 

Қатты қуаңшылық Қызылорда облысының Қармақшы және Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданында күтілуде. Айдың аяғына дейін ауа райы қатты ыстық болады дейді мамандар. Дәл осы екі аудан былтыр да құрғақшылықтан қиналған еді.

Соның кесірінен мыңдаған бас мал арам қатты. Кейбір аудандарда табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімін жариялауға тура келді.

Биыл Маңғыстау өңірінде тағы төтенше жағдай енгізілді. Бұған малдың қырылуы емес, толастап жауған жауын-шашын себеп болды. Дегенмен қатты жаңбыр бұл аймақты құрғақшылықтан құтқармайын деп тұр.

Ал елдің өзге өңірлеріне келер болсақ, мамыр айында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында орташа құрғақшылық болады. Қалған облыстарда қолайлы ауа райы сақталмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде