Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Түркияға барды
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет мемлекеттік сапармен Түркия республикасына барды. Қазақстан президентінің бауырлас түрік елінде екі күндік сапары жоспарланған.
Автор: Елдос Есенбол
10.05.2022
Қазақстан президентін Анкара әуежайынан Түркия вице-президенті Фуат Октай мен осы елдің басқа да лауазымды тұлғалары күтіп алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары тарихи орыннан басталды. Мемлекет басшысы Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінде болып, бауырлас мемлекеттің тұңғыш президентінің рухына тағзым етті.
Сапар барасында Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Режеп Тайып Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді. Түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін форумға қатысуы да жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!