Мальдив аралдарына енді визасыз баруға болады
Қазақстандықтардың визасыз бара алатын елдер қатары артты. Бұл жолы тізімді Мальдив аралдары толықтырды. Екі елдің үкіметі өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойған.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
10.05.2022
Алайда келісімнің қай күннен бастап күшіне енетіні белгісіз. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, құжат бекіген кезде, қос елдің азаматтарына Қазақстан мен Мальдив аралдарына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге және ел аумағында болуға мүмкіндік беріледі. Бірақ жұмысқа, оқуға немесе іскерлік мақсаттарға барғысы келетін адамдарда тиісті виза болуы керек.
Қазақстан мен Мальдив аралдары арасында екпе паспорты мойындалған. Айта кетейік, қазақстандықтар жалпы саны 22 елге визасыз бара алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!