Ақтөбелік үлескерлер далада сандалып қалған
Ақтөбелік үлескерлер үйлерінің құрылысын кім аяқтайтынын білмей сандалып жүр. Құрылысқа жауапты тұрғын үй кооперативінің басшысы алаяқтық жасағаны үшін түрмеде отыр. Ал жергілікті билік инвестор іздеуге асығар емес.
Автор: Жаңалық Ахаш
10.05.2022
Үйдің құрылысы осыдан екі жыл бұрын бітуі тиіс еді. Бірақ тек бірінші қабатының қабырғаларын қалап, сол күйі қараусыз қалған. «Жилище» деп аталатын кооператив директоры осыдан өзге ғимараттың құрылысын сапасыз жүргізіп, тұрғындар ақшасын қалтасына басқаны үшін сотталған. Енді үлескерлер баспаналары мен салған ақшаларын кімнен талап етерін білмей басы қатып жүр. 43 тұрғын 250 миллион теңгедей ақша құйыпты. Оның бір тиынын да қайтарып үлгермеген. Ал әкімдіктегілер бұл үйдің құрылыс жұмысына әзір араласа алмаймыз дейді. Себебі: кооператив директоры Нұрлан Қауысовқа қатысты тағы бір іс сотта қаралып жатыр. Соның үкімінен соң ғана инвестор іздеуге мүмкіндігі болады. Ал әзірге үлескерлерге шыдаудан басқа амал жоқ.
Күнқияш Әлімбаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
- Он тоғыздан бері жүрміз ғой. Қауысов сотталғаннан кейін үйімізді салмай кетіп отыр. Түрмеге отырғызып салып тастады. Ақша да жоқ, үй де жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!