24 жастағы қыз Ертіске секіріп өлмек болды
Өскеменде өзін өлтірмек болған қызды полицейлер мен құтқарушылар аман алып қалды. Көпірден Ертіс өзеніне секіруге бекінген 24 жастағы қыздың әрекетін жүргізушілердің бірі байқап хабар берген.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.05.2022
Оқиға таң сәріде болған. Қыз көпірдің жақтауына шығып өзенге секірмек болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылардың бірі оны райынан қайтаруға көшкен. Қыз өзіне ешкімнің жақындамауын талап еткен. Ақыры оның назары басқаға ауғанда, екіншісі ұстап үлгеріпті. Осылайша қыз көпірден шығарылған бойда жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды. Қазір онымен психолог жұмыс істеп жатыр. Бойжеткеннің өз-өзіне қол салуға оқталғанына не себеп болғаны анықталуда.
Мерей Шәріпханов, ШҚО ТЖД бөлім басшысының орынбасары:
- 1998 жылы туған. Ол жерде полиция қызметкерлері де болды. Құтқарушылар арқанмен көпірдің астынғы жағына түсіп, қайық алдыртты. Сол кезде полиция мен құтқарушылар қызды көпірден аман-есен алып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!