{metadescription}
Жетістік тұрғындары өз қалтасынан монумент тақта орнатқан
Жетістік тұрғындары өз қалтасынан монумент тақта орнатқан

Жетістік тұрғындары өз қалтасынан монумент тақта орнатқан

Жұртта шырқалған ән. Солтүстік Қазақстан облысындағы бұрынғы Жетістік ауылының  тұрғындары жеңістің 77 жылдық мерекесін кіндік қаны тамған топырақта атап өтті. Олар қан майданда мерт болған майдангерлеріне арнап монумент тақта орнатты.

Бастаманы өз қолына алған Жетістіктің азаматтары  жеті жылдан кейін ғана мақсатымызға жеттік деп қуанды. Бұл нысанға мемлекеттен бір тиын бөлінбеген. Қаражатты  халық өз қалтасынан шығарған. Оның үстіне майдангерлер жайлы толық ақпарат жинауға біршама уақыт кетсе керек. 

Жетістік ауылының жұрты. Сонау 80 жылдары ауыл іргесі сөгіліп, тұрғындары екі қолға бір күрек іздеп қалаға үдере көшкен. Кейіннен 'келешегі жок"елдімекен жабылып қалған. Осы шағын ғана қазақ ауылынан Ұлы Отан соғысына 100 сарбаз аттанған екен.

Соғыс  басталғанда Жетістік ауылында небәрі 50 үй болған. Ел басына күн туғанда ауылдағы бар ер азамат бас  көтеріп қан майданға аттаныпты. Ауылда қалған кәрі-жас, бала шаға  тылдағы тірлікті бір өздері көтерген. Майданнан 47 сарбаз қайтпаған. Ал елге оралып еңбекке араласқан ауыл азаматтары соғыста алған жарақатына қарамастан ауыл шаруашылығына кіріскен. Жарағаш ауылының атауы  сол кезде жеткен жетістігі үшін Жетістік деп өзгеріпті. Бұл жұрт сол ауылдың бұрынғы тұрғындары. Жеңіс күні бабаларына тағзым етіп тұр.

Гүлнәр Хасенова, Жетістік ауылының тумасы:

- Осы монументті қою үшін біздің елдің азаматтары үкіметтен бір тиын ақша сұраған жоқ. Бәрін халық жинап, өздері тиынтебендеп, оған нақты сома да айтылған жоқ, сонша бер деп. Кімнің қанша көңілі, жүрегі,қолы, жағдайы жетеді, соншама ақша жиналды. Бізге ең ауыры бұл монументті қоюдан бұрын, кісілердің атын жинау болды.

Шынымен де ел көшіп кеткен соң ардагерлердің аты-жөнін анықтап ескерткіш тасқа айна қатесіз жазу үшін олар көп ізденген. Музей мен мұрағаттарды да қопарған. Өйткені монументтегі тасқа соғыста мерт болған ардагерлер ғана емес,  елге оралып, қазір о дүниелік  болғандардың да, тіпті   тыл ардагерлерінің де есімдері  қашалып жазылған.Жұрты ғана жатқан ауылдарына олар бала шағасымен келуді дәстүрге айналдырыпты.

Мұратбек Елеусізов, Жетістік ауылының тумасы:

- 9 мамырда осы жерге жиналып, басымызды иіп сәлем береміз.Неге десеңіз, сол кісілер жанын беріп өмірден ана дүниеге кетті ғой. Балаларды, немерелерімізді ерте келеміз. Елдің берген тәрбиесін 100 мектеп бере алмайды.

Жыл айналып  жеңіс күні  туған жұртына оралатын  Жәпек батырдың ұрпақтары әнеу бір жылдары осы жерге  батырға да ескерткіш бюст орнатыпты. Бұл жолы да жеті жыл бұрын ойластырған монументті өздері қолдан жасап алды. Жетістіктің нағыз жетістігі осы болды  деп кеуде кере қуанды ауыл азаматтары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде