{metadescription}
Батыр панфиловшылар: 200 альпинист төрт мың метр биіктікті еңсерді 
Батыр панфиловшылар: 200 альпинист төрт мың метр биіктікті еңсерді 

Батыр панфиловшылар: 200 альпинист төрт мың метр биіктікті еңсерді 

Гималай экспедициясының әлемдегі ең биік Эверест шыңын бағындырғанына биыл 40 жыл толып отыр. Осыған орай қазақстандық 200 альпинист «Батыр панфиловшылар» шыңына шықты. Олар күрделі санатындағы 1А бағытымен теңіз деңгейінен 4 мың метрден асатын биіктікті еңсерді. 

Альпинияда таңғы бес жарымнан басталды. Батыр Панфиловшылар шыңын бағындыруға 600 адам қатысқан. Алайда бұршаққа ұласқан жаңбыр мен қалың тұманның салдарынан жол қиындап, қатысушылардың тек 207-сі ғана діттеген мақсатына жетті. Бұл альпиниада Гималай экспедициясына 40 жыл толуына орайластырылып отыр. Алғаш рет әлемдегі ең биік Эверест шыңын бағындырғандардың ішіне 3 отандасымыз кірген болатын.

Қазбек Уәлиев, альпинист:

- Біздің бес қазақстандық КСРО құрамасына кірді. Бірақ тек үшеуіміз ғана шыңға жеттік. Бұл әлемдегі ең қиын бағыт болған соң түрлі әсерлі жағдай бастан өтті. Нөсер жаңбыр жауып, ауа райы нашар болған кезде 8500 метр биіктікте орналасқан Эверест шыңының төмен жаңындағы соғы лагерде тұрақтадық. Біз тек түнгі уақытта ғана жүріп отырдық. Сондықтан шыңға шығуымыз өте қиын болды.

Альпинизм тарихында қалған жетістік дәл осыдан 40 жыл бұрын болған. Шың басына оған дейін ешкімнің табаны тимеген. 9мың метрге жуық биіктікті еңсеруге дайындықтың өзі үш жылға созылыпты. Сол кезде шыңға шыққандардың бірі Юрий Голодов мұндай қадамға бару үшін физикалық дайындықтан бөлек, альпинисттердің психологиясы мықты әрі берік болуы керек деп отыр.

Юрий Голодов, альпинист:

- Қорыққандар төменде қалып қоя берді. Жүрексіну  адамға тән қалыпты құбылыс. Қорқыныш негізінде саналық және бейсаналық болып бөлінеді. А  бізде шыңнан шегінуге емес, шыңға шығуға мотивация болды. Біз қатаң іріктеуден өттік. 150 адамның ішінен 17сі ғана таңдалды.

Осы сәттен бастап қырық жыл ішінде біздің альпинистер 68 Гималай экспедициясын жүзеге асырды. Ал 8 мың метр біктікте орналасқан шыңға 66 рет шыққан. Оның ішіндегі 12-сін бұрын соңды кісі аяғы жүрмеген жолдармен еңсерген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде