{metadescription}
0:000:00
Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бір-бірімен төбелесті

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бір-бірімен төбелесті

Шымкентте экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мейрамхана алдында бір-бірімен төбелескен. Басшысын ұрып құлатқан тергеуші қамауға алынды. Ал қол астындағы қызметкерден таяқ жеген Бақтияр Ахметжанов ес-түссіз ауруханада жатыр.

Оқиға 8-мамыр күні болыпты. Думандатып жүрген тергеушілер есік алдында сөйлесіп тұрған. Осы кезде 2-ші жедел басқарманың бастығы Бақтияр Ахметжанов Мырзабек Тойлыбаевқа жұдырық ала жүгіреді. Соққыдан қашып үлгерген тергеуші Ахметжановтың өзін ұрып жығып, баспалдаққа баспен құлатқан. Ауыр жарақат алған бастық ауруханада жатыр. Ал жұдырығы жуан тергеуші қамауға алынды. Төбелескіш тергеушілерге қатысты қаржылық қадағалау агенттігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары да істің ақ-қарасын анықтауда.

- 08.05.2022 жылы Шымкент қаласы әл-Фараби АПБ ҚР ҚК 106-бабы 1- бөлігімен тіркеуге алынған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.