Толық қызмет көрсетпейтін, кешігетін, уақытын ақшаға айтатын ұшақтар
Елімізде әр бесінші әуе рейсі кешігеді. Соның кесірінен жолаушылар жолдан қалып уақытын жоғалтады. Ал әуе компаниялары бәрін ауа райының қолайсыздығына сілтей салуды әдетке айналдырған.
Автор: Әзиза Төленби
11.05.2022
Бүгін мәжілісмендер сағаттап емес, соңғы кезде себепсіз тәуліктеп кешігуді бастаған рейстерді сынады.
Уақыт үнемдеп ұшаққа билет алатын жұрт қайда арызданарын білмей отыр. Ал ішкі рейстерді орындайтын отандық әуе компанияларына Үкімет сапаны жақсарту үшін бақандай бес миллиардқа жуық субсидия береді дейді депутаттар. Ал олар кешігуі себебін сұрағандарға «күн райының салдары» деп қысқа қайырады. Ақшаны толық қайтарып алу тағы мүмкін емес. Депутаттар Үкіметтен тамақты сатып ішетін, толық қызмет көрсетпейтін, кешігетін, уақытын да ақшаға айтатын ұшақтарды тәртіпке шақыруды сұрап отыр.
Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты:
- Біле білсеңіздер, рейстің кешігуі бойынша смсхабарламаны арнайы қызмет ретінде ақылы пайдаланамыз. Қазақстан Республикасының «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңының баптарына сәйкес, авиакомпанияның кінәсінен рейстерді кешіктіру немесе олардың болмауы кезінде ұсынуға міндетті ыстық тамақ, қонақ үйге орналастыру, көлік трансферті сияқты қызметтерін ішкі рейстерде сапалы ұйымдастырғанын естімеппіз. Тек БАҚ-ның араласуының арқасында қоғамдық резонанс туындатып ғана тұтынушылар қол жеткізіп жатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!