{metadescription}
Үш жасар қызды көршісі өлімнен аман алып қалды
Үш жасар қызды көршісі өлімнен аман алып қалды

Үш жасар қызды көршісі өлімнен аман алып қалды

Нұр-Сұлтанда кішкентай қыз бір өлімнен аман қалды. Ата-ананың қарауынсыз қалған бала 8-ші қабаттағы үйінің терезесінен құлап кете жаздаған. Оны құтқарушылар жеткенше, санаулы секундтарда көршісі қағып алды.

Бейнежазбада үш жасар баланың балконның ернеуіне ілініп тұрған сәті анық көрінеді. «Камал-2» тұрғын үй кешеніндегі жаға ұстатарлық жағдайды көрген тұрғындар бірден құтқарушыларды шақырыпты.

Осы үйде тұратын 37 жастағы Сәбит Шонтақбаев оларды күтпей, лезде жетінші қабатқа көтеріліп, жоғарыда тұрған бүлдіршінді ешбір құралсыз құтқарды. Кішкентай қызды аяғынан ұстап өзіне тартып аман алып қалды. 2019 жылы туған қыздың ата-анасы осы сәтте үйде болған, бірақ балкон алдында ойнап отырған балаға ешқайсысы назар аудармаған. Бүгінгінің батырын ерлігі үшін қалалық төтенше жағдайлар департаменті марапаттады. Құрылыста қара жұмысшы болып жүрген ол елордаға екі апта бұрын жұмыс істеуге келіпті. Ал отбасы Қызылордада қалған.

Сәбит Шонтақбаев:

- Мен ол жерде өз жайымды ойлаған жоқпын. Өзіме бірнәрсе болып қалады-ау демедім. Өзіме сенімді болдым. Бар ойым – тек баланы құтқару. Ата-аналарын әлі көрмедім. Өздері хабарласып рахметін білдіріп жатса, сол да жеткілікті. Отбасым Қызылорда облысында тұрады. Төрт балам бар. Пәтерде тұрады. Өзім осында 15 күн бұрын келгенмін. Жұмыс іздеп, қазір жалдамалы пәтерде тұрамын. Құрылыста жұмыс істеп жатырмын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.