{metadescription}
Референдум саяси аренада бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді
Референдум саяси аренада бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді

Референдум саяси аренада бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді

5-маусымда өтетін референдум еліміздің саяси аренадасындағы бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік береді. Сарапшылар клубы мүшелері бұған сенімді. Олар Конституцияға енгізілетін 33 өзгерту, әсіресе президентке қатысты жаңашылдықтар ел тарихында болмаған оқиға деп отыр.

Сарапшылар пікірінше, алдағы саяси реформалар халық пен билік арасын одан сайын жақындата түспек. Бұқараның базынасы тыңдалады, пікірі ескеріліп, құқығы қорғалады. Ал адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесі бұл жолы Ата заңмен реттелмек. Түзетулерде омбудсмен институты адам құқығын қорғауға ықпалдасатын, жалпы адам құқықтарын қорғау жүйесін насихаттайтын мемлекеттіміздегі институттың бірі деп жазылады. Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың қоғамға маңызын айтқан сарапшылар халықты референдумға бірге атсалысуға шақырды.

Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық кеңестің аппарат басшысы:

- Заң жобасында қарастырылған түзетулер, жаңа Қазақстан деп айтып жатырмыз, жалпы мемлекеттік, қоғамдық құндылықтарды қайта форматтауға бағыттап, екінші республиканың саяси-құқықтық негізін қалайтын болады. Бұл заң жобасын үлкен қоғамдық сараптаудан, заң жұртшылығының  сараптауынан өткен түзетулер деп айтуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.