{metadescription}
77 жылдан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді
77 жылдан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді

77 жылдан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді

Ер есімі ел есінде! Майдан даласында мергендігімен көзге түскен Төлеуғали Әбдібековке «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Соғыста 397 фашистің көзін жойған сұрмергеннің ерлігі 77 жылдан кейін ұлықталып отыр. Жау арасында «Қара ажал» атанған майдангерге Кеңес одағы тұсында неліктен атақ бұйырмады?

1916 жылы Семей облысы Жарма ауданында туған Төлеуғали Әбдібеков жастайынан атасымен бірге аңшылық жасап, мылтық атуды жаңсы меңгерген. Бірақ туыс ағасы Кемелбай халық жауы атанған соң, оңтүстіктегі Мақтарал өңіріне көшіп келген.1941 жылдың соңында майданға аттанады. Мергендігімен көзге түскен сарбазға бірден снайперлік қару ұстатып ұрыс даласына жіберіпті. Құралайды көзге атқан Төлеуғали Әбдібеков үш жыл ішінде 400-ге жуық жауды жер жастандырған деседі.

Айгүл Кемелбаева, Т.Әбдібековтің қарындасы:

- Негізгі көрсеткіші 397.  Снайпердің қасында серіктері санап отырады екен. Өйткені қорыққан, өзіміздің офицерлерді сыртынан атуы мүмкін деген қорқыныш болған. Сол кезде сәйкестік болған ғой. Сондықтан оның қасында тағы бір адам жатататын болған, есептейтін, бәрін көріп бақылап отыратын. Біреуі үндемей жатады, біреуі атып жатады.

Мүлт кетпейтін мергенге қарсыластары «Қара ажал» деген лақап ат берген деген аңыз бар.Кейін келе архивтарды ақтарған туыстары Төленуғали Әбдібеков тек жаудың офицерлерін ғана жойып отырғанын анықтапты. Бірақ осы ерлігі үшін атақ-даңқ берілмеген. Өйткені ағасының халық жауы атанғаны кедергі келтірген.

Айгүл Кемелбаева, Т.Әбдібековтің қарындасы:

- Сондықтан Ленин орденін ұсынса, қайтақайта одан төмен ордендер берген. Қызыл жұлдыз деген сияқты 6 ордені бар. Сосын үш рет Совет одағының батырына ұсынылған. Үш рет алуы керек болған. Бір емес, үш рет. Енді, мысалы, төрт  мәрте ұшқыштар алды ғой, негізінен, ұшқыштарға берді. Бұл кісінің көрсеткіші сол деңгейге жетіп тұрса да, бермей тастап отырған.

Бірақ тарихи әділдік биыл орнады. Батырдың өмірі зерттеліп жарыққа шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Төлеуғали Әбдібековке ең жоғарғы атақ Халық Қаһарманы берілді.

- Айрықша ерекшелік белгісі Алтын жұлдыз бен Отан ордені туысы Кемелбаева Айгүл Жолдасбайқызына тапсырылсын. 

Батырдың артында ұрпақ қалмады. Екі ұлы соғысқа дейін шетінеп кеткен. 77 жылдан кейін ұлықталған Төлеуғали Әбдібековтің есімі енді тарих бетінде мәңгі сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.