Қызылорда атыс: Үшеуін өлтіріп, үшеуін жаралағандар ұсталды
Қызылордада үш адамды атып өлтіріп, үшеуін жаралаған күдіктілер ұсталды. Жалпы саны 6 адам қамауға алынып, төртеуіне іздеу жарияланған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
11.05.2022
Болжам бойынша қарулы қақтығыс екі қылмыстық топ арасында болған.
Қоғамда үлкен дау туғызған жағдай қала іргесіндегі қылмыстық оқиғаларымен әйгілі Титов ықшамауданында болған. Куәгерлердің сөзінше, алдымен жігіттер бір-біріне дауыс көтере сөйлеп, артынша қарудан оқ боратыпты. Сол кезде көбі жан-жақа қаша жөнеледі. Оқиға орнында үш адам жан тапсырса, түрлі дене жарақатын алған үшеуі ауруханаға түсті. Олардың жағдайы тұрақты.
Қазір осы атысқа қатысы бар алты күдікті ұсталса, төртеуі іздеуде жүр. Ал қылмыстық топтың не бөлісе алмағаны әзірге белгісіз. Полицейлердің мәліметінше, олар бұрыннан бір-бірімен бас араздығы болған.
Байжан Байгелді, Қызылорда облысы ПД бастығының орынбасары:
- Күдіктілердің үйінен бес қаружарақ, бірнеше оқ дәрілер, есірткі заты мен 7 автокөлік тәркіленді. Қылмысқа қатысы барларлардың атыжөні анықталды. Аталған фактілер бойынша 8 қылмыстық іс қозғалып, оның екеуі кісі өлтіру бойынша, екі бұзақылық, үш заңсыз қару айналымы және есірткінің заңсыз айналымы мен бір қылмыстық іс қозғалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!