{metadescription}
Референдум: 56 өзгеріске не себепті тек бір жауап таңдаймыз
Референдум: 56 өзгеріске не себепті тек бір жауап таңдаймыз

Референдум: 56 өзгеріске не себепті тек бір жауап таңдаймыз

Референдумда бір ғана сұрақ болады. Сайлаушылар аталған 33 баптың өзгеруін бірдей құптайды немесе құптамайды. Өзгеріске ұшырағалы тұрған баптар жеке жазылмайды. Әділет министрлігі қазақстандықтар не себепті 56 өзгеріске бір ғана жауап таңдай алатынын түсіндірді.

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Барлық түзету олардың бірбірімен қарым-қатынасы зор. Аралас. Бір түзетудің екінші түзетумен қарым-қатынасы зор. Сондықтан біз бір түзетуді қабылдай отырып, екінші түзетуді қабылдамаса, бүкіл осы саяси реформаның өтуі ертең қиынға түсуі мүмкін. Не біз бұл бүкіл жобаны қабылдаймыз, не бұны қазір қабылдауға дайын емес екенімізбен шешім қабылдаймыз.

Қазақстан халқы 5-маусымда  Ата заңға 56 түзету енгізуге дауыс береді. Жаңа ереже бойынша Парламент мәжілісінде 98 депутат болады. Олар аралас жүйе бойынша сайланады: депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім арқылы, екінші бөлігі кандидатты халықтың тікелей сайлауы арқылы сайланады. Ал жүктелген міндетін дұрыс атқармаған халық қалаулысынан сайлаушылар  мандатын қайтарып алуға құқылы. Бірақ ол үшін белсенді топ құрылып қол жинауы тиіс. Бұл түзету әлі қарастылып жатыр.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту көзделіп отыр. Облыс, қала, аудан, ауыл мәслихат мүшелері қолдамаса, әкім өңірді басқара алмайды.

Президенттің өкілеттілігіне қатысты шектеулер де дауысқа салынады.   

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Экс-президенттердің Конституциялық кеңесте болу құқығын да алып тастау. Енді бірде-бір президент өз лауазымын аяқтағаннан кейін Конституциялық кеңеске, я болмаса Конституциялық сот қатарына кіруге мүмкіндігі болмайды. Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.