{metadescription}
Елімізде зейнет жасы қысқартылуы мүмкін
Елімізде зейнет жасы қысқартылуы мүмкін

Елімізде зейнет жасы қысқартылуы мүмкін

Елімізде зейнет жасы қысқартылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл күн тәртібіндегі мәселе.

Бірақ бұл өзгерістің қашан бола қоятынын вице-премьер тап басып айта алмады. Өйткені әлемдік тәжірибеде әлі мұндай мәселе қарастырылмаған дейді.

Жалпы зейнет жасын қысқарту халықтың көптен бері айтып жүрген базынасының бірі. Әсіресе ауыр жұмыс істейтіндер мен әйелдерге 63-те зейнетке шығу тым кеш.

Дегенмен үкімет тарапынан бұл өтінішті қолдайтындар табылмай келеді. Пандемия кезінде де депутаттар дәл осы сауалды бірнеше мәрте көтерген. Бірақ ол кезде еңбек министрлігі мұндай мәселенің тіпті қарастырылып жатпағанын кесіп айтқан. Күні кеше мәжілісмендер белгілі топ жұмысшыларына, кеншілер мен темір балқытушылардың зейнет жасын қысқарту керек деп айтқан. Ералы Тоғжановтың сөзіне қарағанда, бұл қатарға әйелдер де кіріп қалуы әбден мүмкін.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Бұл мәселені тек кеншілер көтеріп отырған жоқ.  Ерекше күтім қажет етеін бала тәрбиелеп отырған аналар да айтып жүр. Жыл соңына дейін БАҚ өкілдерінің қатысуымен Әлеуметтік кодекс аясында зейнет жасы туралы мәселе талқыланады. Шынында, көпшілікті толғандыратын сауал.  Мәселе әйелдердің зейнет жасына да қатысты. Бүгінде зейнетке шығудың орташа жасы 2027 жылға дейін 6061 жас деңгейінде. Бұл мәселе күн тәртібінде тұр. Әлі талқылаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде