Жаңаөзенде «Кезби» жұмысшыларының ереуілдеткеніне 25 күн болды
Жаңаөзендегі «Кезби» компаниясының 300-ден аса жұмысшысы 25 күннен бері жұмысты тоқтатып ереуілдетіп тұр. Олар: «Жұмыс көп, жалақымыз аз», - дейді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
12.05.2022
- «Кезби» жұмысшыларының ереуілде тұрғанына 23 күннен асып бара жатыр. «Кезби» мекемесінде еңбек дауы әлі шешілген жоқ. Жоғарыда отырған депутат, министрлерге хабарымыз барды. Бірақ еш нәтиже жоқ. Енді бір үмітіміз – Қ.Ж.Тоқаев. Бірдей жұмыс, бірдей жалақы!
Наразы топтың бір бөлігі базынасын айтуға Нұр-Сұлтан қаласына аттанған. Алайда «Кезби» мекемесінің басшылығы жұмысшылардың ереуілін заңсыз деп отыр. Өйткені 2021 жылдан бері жалақы көлемін «112 пайызға өсірдік» дейді компания басшылары. Сәуір айында 11 сағаттық жұмысты 12 сағатқа ауыстырыпты. Қазір қаңтар, ақпан, наурыз айларының жалақысы қайта есептеліп жатыр. 1000-нан аса адам жұмыс істейтін кәсіпорында орташа жалақы 672 500 теңге. Соған қарамастан 370 жұмысшы айлықты көтеруді талап етуде дейді компания өкілдері. Ал еңбек инспекциясы бір айға ұласқан ереуілге байланысты «Кезби» мекемесі қосалқы мердігерді жұмысқа тартуға мәжбүр дейді.
Асылбек Тұяқбаев, Жаңаөзен қаласы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы:
- Негізгі жалақы мөлшеріне 15 пайыз үстемақы ретінде ұңғымаларды күрделі жөндеу және жерасты бригадаларына көтерілді. Сондайақ ауысымд жұмыс ұзақтығының уақыты 11 сағаттан 12 сағатқа ауыстырылды. Жұмыскерлердің талабы толық орындалды. Жаңаөзен қаласының соты ереуілді заңсыз деп шығарған үкімі көрсетілді. Сот үкіміне сәйкес, 18 адамды жұмыстан босатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!