{metadescription}
Ұлттық банк төрағасы: Жоғары инфляцияға әлемдегі геосаяси жағдай кінәлі  
Ұлттық банк төрағасы: Жоғары инфляцияға әлемдегі геосаяси жағдай кінәлі  

Ұлттық банк төрағасы: Жоғары инфляцияға әлемдегі геосаяси жағдай кінәлі  

Инфляция бағамын ұстап тұру мүмкін емес. Үкіметтегілер қанша тырысқанымен, мәселенің шешімін таба алмай отыр. Биліктегілердің азық-түлік пен басқа да тауарлардың бағасы шарықтағанын бақылап басын шайқап отырудан басқа шаралары жоқ. 

Ұлттық банк статистикасына сүйенсек, елдегі инфляция бағамы рекорд көрсеткішке жеткен. Биыл наурызда 12,8 пайыз болса, бір айда 13,2-ге бір-ақ шыққан. Бұған сол баяғы азық-түлік құнының ырық бермей өсуі себеп. Өйткені ресми статискада оның құны 15-тен 18 пайызға дейін көтерілген. Инфляция бағамы ары қарай да тұрақсыз болатын сыңайлы. Бұл халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарларға да қатысты. Өйткені қымбатшылық «біз күткеннен әлдеқайда асып түсті» дейді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов. Мұндай жоғары инфляция бағамына әлемдегі геосаяси жағдайды кінәлап отыр.

Ғалымжан Пірматов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Сыртқы инфляция сәуірде 10,9 пайыздан 11,9 пайызға дейін жеделдеген азықтүлікке жатпайтын тауарлар бағасына өсу қысымын жасауды жалғастыруда. Ақылы қызмет көрсету бағасының өсуі 8,3 пайыздан 8,9 пайызға дейін жеткен. Бұл бірқатар нарықтық қызмет бағасының өсуіне байланысты. Инфляциялық тәуекелді ескере отырып, инфляция жыл соңына дейін сақталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде