Жамбыл облысында автобус апатқа ұшырады
Жамбыл облысында 44 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырап, екі адам ажал құшты. Түрлі дене жарақатын алған тағы 33 жолауышы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
12.05.2022
Қайғылы жағдай Жуалы ауданындағы Бауыржан Момышұлы ауылының маңында болған. Алдын ала болжам бойынша оқыс жағдайға жауын-шашын себеп болған. Яғни, жолаушыларға лық толы қоғамдық көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, алдында келе жатқан трактордың тіркемесіне соғылған. Салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды. Полицияның дерегінше автобус Өзбекстаннан Алматыға кетіп бара жатқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!