{metadescription}
Таразда балалар алаңқайына талас-тартыс болып жатыр
Таразда балалар алаңқайына талас-тартыс болып жатыр

Таразда балалар алаңқайына талас-тартыс болып жатыр

Таразда балалар алаңқайы үшін талас-тартыс болып жатыр. Кәсіпкер «жер телімін сатып алдым, онда бизнес орталығын саламын» десе, тұрғындар оған үзілді-кесілді қарсылық білдіріуде. Өйткені балалар ойнайтын жерден айырыламыз дейді.

Ақтолқын Бейсенова, Тараз қаласының тұрғыны

- Балалар алаңқайын алу үшін тұрғындардың қолы керек деп тұр. Біз 60 адам тұрамыз. Біреуі қол қоймаған. Келіп алып біздің балалардың бәрін қуалап, қарауылдарды қойып қойып, сендерге кіруге болмайды деп баларымызды қуып жіберді.

Көпқабатты үй артындағы балалар алаңқайы орналасқан жерді бизнесменнің иелік еткенін жұртшылық айналасын қоршап жатқанда бір-ақ біліпті. Тіпті ішіне құрылыс материалдарын да жеткізіп алған. Сөйтсе кәсіпкер биік ғимарат соғуға кірісіп кетіпті. Мұны естіген тұрғындар бала-шағасымен келіп қарсылық көрсетіп, құрылыс жұмыстарын жүргізбей тастады. Олар жер телімін кәсіпкер заңсыз сатып алған деп есептейді. Өйткені жердің бұған дейінгі иесі абаттандырудың өзіне рұқсат ала алмай, ақыры аукционға қойып сатуға мәжбүр болған екен. Артынша телімнің жаңа иесі шыға қалып, жұмысқа кіріскені көпті таң қалдырды. Қос тарап мәмілеге келе алмай, дау ушыға бастағасын іске прокуратура мен шененуніктер кірісті. Қазір құрылыс уақытша тоқтап, тексеріс басталды.  

Ирина Губина, заңгер:

- Біздің құжатарымыздың бәрі заңды, бәрі қолымызда бар. Тіркеп те қойғанбыз. Бүгін жұмыс тоқтатылған шығар, бірақ біз ертең қайта кірісеміз қой. Бүгін қарсы болса, ертең қарсы келе алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде