{metadescription}
Алматыда лицейде болған жыныстық буллингті тексеру басталды
Алматыда лицейде болған жыныстық буллингті тексеру басталды

Алматыда лицейде болған жыныстық буллингті тексеру басталды

Алматыдағы халықаралық Қазақстан-Түркия лицейінде болған жыныстық сипаттағы буллингке қатысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия да жекемншік білім ошағындағы сорақылықтың себеп-салдарын анықтайды. Бүгін әлеуметтік желіге лицейдегі оқушылардың бір-біріне әлімжеттік көрсетіп жатқан видеосы таралған. 

Белгілі болғаны, бұл бейнежазба жыл басында түсіріліпті. Кадрде оқушылар сынып ішінде порнографияны ашық көріп отырғанын байқауға болады. Анайы видеоны ноутбуктен емін-еркін тамашалап отырған балаларға ешкім «қой» демеген.

Білім ошағында оқушылар бір-біріне күш қолданып, сексуалды әрекетті қайталауға тырысып жатқанын аңғаруға болады. Лицейдегі сұмдықты 15 жастағы баланың анасы жыныстық зорлыққа қарсы қоғамдық ұйымға жайып салған. Оның айтуынша, баласы қатарластарынан жиі қысым көрген. Бұған шыдамаған ана ақыры ұлын лицейден шығарып, тиісті органдарға шағым түсірген. Ал лицейдің директоры әкімшілік жазамен оңай құтылған. Осы шешімге көңілі толмаған әйел зорлық-зомбылыққа жол беретін халықаралық Қазақстан-Түркия лицейін жауып тастауды талап етуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Аталмыш дерек Алмалы ауданы полиция басқармасында. Қазір  тексеріс жалғасып жатыр. Оған жасөспірімдер ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өкілдері де жұмылдырылды. Міндетті түрде құқықтық түрде баға беріледі. Шешім қабылданады. Барлық мәнжай анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде