{metadescription}
Автонесие: Көлік неге қымбаттап барады?
Автонесие: Көлік неге қымбаттап барады?

Автонесие: Көлік неге қымбаттап барады?

Жұрт сарыла күткен автонесиелеу бағдарламасы алдағы дүйсенбіден басталатын болды. Жеңілдетілген пайызбен көлік алуға өтінішті бұрын несие берумен айналысқан бес банк қарайды. Қазір қаржы ұйымдары қажет келісімдерді жасап бітуге жақын.

Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр айтты.

Банктер жеңілдетілген емес, былай да автонесиелеу берумен 2015 жылдан бері айналысып келеді. Бүгінге дейін қаржы ұйымдары 88 миллиард теңгені игерген екен. Бұдан бөлек, олар енді тағы 100 миллиард теңгені мақсатты жұмсауға тиіс. Бұл ақшаны Үкімет «Жасыл Даму» мекемесі арқылы халыққа төрт пайызбен несие беруге бөліп отыр.

Жалпы, жеңілдетілген автонесие бағдарламасына кез келген азамат қатыса алады. Төлем қабілеті расталса, несие жеті жылға, 10 миллион теңгеге дейін беріледі. Қосымша ақшасы бар адамдарға 15 миллион теңгеге дейінгі көлік таңдау мүмкіндігі бар. Алғашқы жарна қажет емес. Негізгі талап – автокөлік Қазақстанда құрастырылуға тиіс. Төрт пайызбен көлік алған адам тек екі жылдан кейін ғана бағдарламаға қайта қатыса алады. Көлік жасаушылардың форумына қатысқан вице-премьер елімізде көлік құны неге қымбаттап бара жатқанын түсіндіріп берді.

Роман Скляр, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

- Автокөліктің қымбаттауы бойынша әлемдік трендтер бізге белгілі. Танымал Корей маркалы автокөлігі бізде қымбаттаса, демек оның құны бүкіл әлемде өскенін көруге болады. Металл, тасымалдау, логистика бәрі қымбаттады. Бұл біз айналып өте алмайтын объективті трендтер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде