{metadescription}
Жамбыл облысындағы жол апаты: Екі адам қолынан айырылды
Жамбыл облысындағы жол апаты: Екі адам қолынан айырылды

Жамбыл облысындағы жол апаты: Екі адам қолынан айырылды

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған автобустың екі жолаушысының қолына ампутация жасалды. Дәрігерлер науқастардың қолын сақтап қалу мүмкін болмады дейді.

Бүгін Жуалы аудандық ауруханасынан Таразға санавиациямен тағы бір жолаушы қыз жеткізілді. Оның омыртқасына қатты зақым келген. Қазір оған ем-дом жасалып жатыр. Еске салсақ, кеше Бауыржан Момышұлы ауылы маңында Өзбекстаннан келе жатқан 49 жолаушысы бар автобус трактор тіркемесіне соқтығысып, аударылған еді. Салдарынан 43 жастағы жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Түрлі дене жарақатын алған 16 жолаушы ауруханаға түссе, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр дейді. Ал 49 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі нөсер жауынның кесірінен рөлге ие бола алмағанын мойындады. 

Нұрбай Ергебеков, Жуалы ауданы ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары:

- Жансақтау бөліміндегі науқастар ауыр дәрежесіне сәйкес хирургия бөлімде 12 науқас емделіп жатыр. Мәлімет, әрине, өзгеруі мүмкін. Жағдайлары ауыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.