{metadescription}
Тоқаев: Бюджет Ұлттық қор қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек
Тоқаев: Бюджет Ұлттық қор қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек

Тоқаев: Бюджет Ұлттық қор қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек

Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды азайту керек. Бүгін Ақордада Ұлттық банктің былтырғы есебін тыңдаған президент оның басшысы мен Министрлер кабинетіне осындай талап қойды. «Алдағы уақытта қор қаржысына сүйенбеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұлттық қор пандемия жағдайында және экономикалық ахуал нашарлаған кезде өз міндетін толық орындаған. Қордан 2020 жылы 4,8 триллион теңге, 2021 жылы 4,5 триллион теңге трансферт жасалыпты.

Биыл Үкімет тағы да болашақтың игілігіне деп әу баста ашылған қорға тағы қол салып, 4,6 триллион теңге алды. Мемлекет басшысы мұны өте қомақты қаржы деді. «Республикалық бюджет Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға сүйенбеуі керек» - деген президент трансферттерді біртіндеп азайту қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі инфляция өсімінің бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткеніне алаңдаулы. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша инфляция 2016 жылдың қыркүйегінен бері ең шарықтау шегіне, яғни 13,2 пайызға жеткен. Президент қымбатшылықпен күресу үшін атқарушы билік пен Ұлттық банкке 2022-2024 жылдарға арналған кешенді шаралардың толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде