{metadescription}
Петропавлдықтар сенбілік жасаймыз деп қоқыстың астында қалды
Петропавлдықтар сенбілік жасаймыз деп қоқыстың астында қалды

Петропавлдықтар сенбілік жасаймыз деп қоқыстың астында қалды

Петропавл тұрғындары сенбілік жасаймыз деп қоқыстың астында қалды. Алты ай қыс артта қалып, көктем шыға жаппай тазалықпен айналысқан олар енді тау болып үйілген қалдықтан құтыла алмай әлек.

Арнайы жәшіктер аузы мұрнынан шыға толып, тіпті айналасына адам аяғы жете алмайтындай жағдайға жеткен. Коммуналдық қызмет те қала тазалығын ретке келтіруге асығар емес. Жергілікті халық бықсып, сасып жатқан қоқысты көрсе де, көрмегендей болып жүрген шенділерге өкпелі.

Қураған жапырақ, шашылған ағаш бұтақтары, бос бөтелкелер мен целлофан қағаздар. Жан-жаққа шашылған бұл қоқыстарды қала тұрғындары қар кетісімен жинай бастаған. Қала көшелері мен аулаларды тазалау үшін бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылыпты. Айнала бір жаңарып қалғанымен, қоқыс жәшігі мағындағы қалдық тау-төбе болып үйіліп жатыр.

Күлтиян Исмағамбетова, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Арнайы көлік келеді де, жартылай жинап әкетеді.Қоқыс маңын тазартпайды. Контейнерді ғана емес, оны жанжағын жиыстырып, тазалап кетсе, олардың да жұмысы көрінеді ғой. Целлофандар ұшып жатқаны.

Шынымен контейнерлердің айналасы шашылған қоқыс. Коммуналдық қызметтегілер тек тұрмыстық қалдықтарды ғана  әкетеміз дейді. Ал сенбілікте жинағандарын өздері төксін деп отыр.

Лариса Пономарева,«Мюльсервис»ЖШС бас маманы:

- Бізде қосымша тегін қызмет көрсететін жағдай жоқ. Және де артық төгілген қоқыс тарифке кірмейді. Біз тұрғын үй кооперативтері төрағаларын жинап түсіндірген болатынбыз. Егерде қосымша ақы төленетін болса, біз қураған жапырақтар мен  ағаш бұтақтарын полигонға жеткіземіз. Өйткені сол қоқыс кешеніне де ақы төлейміз.

Қала тазалығына жауапты компания осы күнге дейін барлық қоқысты тасып жүріпті. Бірақ әрі қарай тегін жұмыс істей алмаймыз дейді. Себебі: тариф көлемі тым төмен.  Қоқыс шығаруға жан басына 220 теңгеден алады. «Бес жылдан бері өзгермеген ақы шығынымызды жабуға жетпейді», - дейді коммуналшылар.

Әсем Айтулова,Петропавл қаласы ТҮКШ  бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Әкімдікке оның еш қатысы жоқ. КСК төрағаларына егер сенбілік ұйымдастыратын болса,қосымша қаражат бөлу қажеттігін айтып отырамыз. Тұрғындар қосымша қаражат бөлмек түгілі тарифпен қоқыстың қаржысын төлеуге асықпайды. Бізде қалада 80 мыңнан астам адам қоқыс шығаратын компаниямен келісімшартқа отырған жоқ.

Сенбілік шараларда қала тұрғындары бір мың тоннаға жуық қоқысты контейнерлер маңына үйіп тастаған. Жақында олар сол  қалдықты қайта жинауы мүмкін. Өйткені синоптиктер алдағы күндері қатты жел тұратынын ескертіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде