{metadescription}
«Қайрат» кешенінің құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – Алматы
«Қайрат» кешенінің құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – Алматы

«Қайрат» кешенінің құрылысшылары жарты жыл жалақысыз жүр – Алматы

Жарты жылдан бері жарытып жалақы алмаған. Алматыда Қайрат ықшамауданындағы тұрғын үй кешенін әктеп-сырлаған құрылысшылар маңдай тер ақысын ала алмай сабылып жүр. Құрылыс компаниясы 40-қа жуық жұмысшыға 20 миллион теңге берешек

Алайда жөндеу жұмысынан мін тауып еңбекақысын бермей келген компания жаңа баспанаға тұрғындарды жайғастырып үлгерген. Осылай деп шулаған жұртшылық еңбекақыл талап етуде. Ал құрылыс компаниясының өкілдері мәселені үш күнде шешетініне уәде берді.

Жаңа тұрғын үй кешенінің алдына жиналған бұл кісілердің әрқайсысы құрылыс компаниясынан миллиондарын ала алмай жүр. Айтуларынша, тапсырылған жұмысты соңына жеткізсе де, мердігерлер өзімен есептеспеген. Сонымен қоймай үйді қабылдап алып, тұрғындарды орналастырған. «Әбден қаржыдан қысылып біттік» деген олар жан-жақтан қарыз қажытқанын айтады.

Фарида Елубекова:

Мүгедек қызым бар, ДЦП, эпилепсия. Үкіметтен алатын тек зейнетақы. Соған қосымша Ташкентке, Ресейге емдетуге апаруым керек. Сол үшін жұмыс істеп жүрмін. Өзімнің екі миллиондай ақшам бар бұл жерде. Алатын ақшам. Садақа сұрап жатқан жоқпын. Қайырымдылық қорынан көмек сұрап жатқан жоқпын. Өзімнің адал бейнетімді сұрап отырмын.

Құрылысшылар мұнда жұмыс істеуге еліміздің түкпір-түкпірінен келген. Яғни бір қауым болып жиналғандар жеке жеке емес, ортақ келісімге қол қойған.

Мейірбек Жұмабаев:

Біз айлыққа істемейміз. Біз көлемгеістейміз. Жеті миллионның жұмысын істеп жапсақ, соның 1 миллионы ғана түседі. Шоттың барлығы тұр. 5 млн 800 теңге өз ақшам бар. 15 млн 500 – ортақ. Біз 5 пайыз. 6 миллиондай жай қалдырып тұрмыз. Мына нысанды толық тапсырылып біткен соң беріледі деп.

Көпқабатты үйге тұрғындар үш ай бұрын қоныстана бастаған. Жалақысын даулаған құрылысшылар былтыр ғана қабырғасы қаланған, қаңырап бос тұрған нысанды адам танымастай өзгерткен. Ғимараттың іші-сыртын ақтап, барлық жөндеу жұмысын толық өздері жүргізген.

Құрылысшылардың басын біріктіріп жұмыс ұсынған «Сұлтан» мердігер компаниясы екен. Енді тапсырысты орындаушы прорабтың өзі екі оттың ортасында қалған.

Әлима Жұмабаева, "Сұлтан" жеке кәсіпкерлігінің прорабы:

- Кафельді біз істедік. Ішкі әрлеуді, толық біз істедік Бәрі біздің жұмыс. Баспалдақтарын толық істедік. Кафелін салдық. Қабырғасын тегістедік, боядық. Қабылдамаса, тұрғындарды кіргізбеу керек еді. Қабылдамаған жерде неге адам тұру керек?

Ал құрылыс компаниясының өкілі жұмысшыларды кіналап отыр. Атқарылған жұмысты толық қабылдап алмағанын айтады.

Денис Масленко, құрылыс компаниясының өкілі:

- Жұмысшыларға компанияның берешегі бар. Өйткені есеп жағынан мәселе туындағандықтан, әзірге төлем жасауды тоқтатқан болатынбыз. Бұған қоса атқарылған жұмыс толық қабылданып алынған жоқ. Келесі апта инженерлер тексеріп, егер шикілік шықпаса, қол қойылатын болады. Сөйтіп мәселені үш күн ішінде қарастырып, есебін шығарамыз.

Жарты жылдан бері жарытып жалақы алмағандар бүгін еңбек инспекциясына арыз жазуға аттанды. «Маңдай теріміздің ақысын алмай қоймаймыз» деген олар, келесі әрекетіміз – прокуратураға хат жолдау деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде