{metadescription}
16 жасар Әлішердің еміне 140 мың доллар қажет 
16 жасар Әлішердің еміне 140 мың доллар қажет 

16 жасар Әлішердің еміне 140 мың доллар қажет 

Тек егде адамда кездесетін онкоауруға шалдыққан жасөспірімге көмек қажет. Бауыр қатерлі ісігінің төртінші сатысына дейін асқынған 16 жасар Әлішерге түркиялық онкологтар трансплантация жасауға әзір. Бірақ жеткіншектің еміне 140 мың доллар керек. 

Әлішер Құлатаев:

- Гепатоцеллюлярлы карциномасы бауыр ісігі диагнозы. Төртінші кезеңі. Оны емдеуге үлкен қаражат керек. Бағасы 140 мың доллар. Қазіргі уақытта мен Стамбулдамын. Мен сіздерден көмек сұраймын. Өтінемін, көмектісіңіздерші.

Бес жасында бауырында пайда болған гемангиомадан қатер жоқ деген дәрігерлер, оны тек жыл сайын тексерістен өтіп тұруын айтыпты. Алайда былтыр бауыры ісініп онкология анықталған. Бірден Қарағандыдан елордаға барған Әлішердің бауырының сол жақ бөлігіндегі ісікті алып тастау үшін ота жасалыпты. Бірақ органның қалған бөлігінде метастаздар анықталған. Әлішер қазір Түркиядағы клиникалардың бірінде емделіп жатыр. Оның анасы қайырымды жандардың көмегімен шетелге аттаныпты. Алайда жиып-терген қаражат таусылуға жақын. Сондықтан көмек қолын созам деушілерге төмендегі нөмірге хабарласуға болады.

Қарлығаш Құлатаева, анасы:

- Астанада төрт курс химия алып, 16 сәуірде Стамбулға келдік. Баланы тексеріп, барлық емін жасап жатыр. Сіздерден өтініп, Алла разылығы үшін баламның еміне көмек сұраймын. 140 мың доллар көлемінде, қазір бізге химия және иммунохимия, бауыр ауыстыруға ота жасайтын болады. Көмек беріңіздерші, өтініш!

Кaspi: 8 701 264 68 72  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде