Ақтөбеде лотерея клубын тонаған ұры ұсталды
Ақтөбеде лотерея клубын тонаған ұры ұсталды. 27 жастағы жігіт қамауға алынып тергеліп жатыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.05.2022
Күдікті кешкілік клубтың ішін бір шолып шығады. Адам аздығын білген ол сырттан бос бөтелке тауып қайта кіреді. Әкімші қызды басынан ұрамын деп қорқытып, кассадағы барлық ақшаны қалтасына салып алған. Сондағы күзетші де бөтелкеден қорқып, қарақшыға түк істей алмапты. Кассадан сол күні түскен 550 мың теңге қолды болған. Енді клубты тонағаны үшін 27 жастағы ақтөбелік он жылға дейін сотталып, дүние-мүлкі тәркіленуі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
27 желтоқсан
Серіктестер жаңалықтары