Жеңілдетілген автонесиені алудың жолдары қандай?
Бүгін көптен күткен жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы басталды. Жеке машина мінгісі келетіндердің көптігінен автосалондарда ұзын-сонар кезек. Оның өзінде белгілі себептерге байланысты отандық темір тұлпар тапшы. Әрі бөлінген қаржы бүгін барлық банкке бірдей түсіп үлгермеген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
16.05.2022
Ал жауаптылар осындай кезектің болатынын біліпті. Алдымен сұраныстың қай өңірде қандай екенін көргіміз келді деп отыр олар. Жеңілдетілген несиені алу жолдары қандай?
Дүйсенбі, 16 мамыр, таңғы сағат 8. Бұл уақытта әншейінде жұмысқа асығатын жұрт бүгін елордадағы көлік салондарына ағылды. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасымен көлік алғысы келетіндердің қарасы көп. Ал салон қызметкерлері қолында қағазға «жанды» кезекті тізіп әлек.
Толғанай Бекетова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Банк сағат онда ашылатын болған соң, ол жерде бізге сату бөлімінен төлем шотын әкелесіздер деді. Сосын барып сұрату жібереміз деді. Бірақ, бізге программа әлі ашылған жоқ. Поручение берілген жоқ деді. +19572230 16-сы деді ме 16-сы ашылу керек еді. білмеймін не үшін? Көппен бірге көрейік деп күтіп тұрмыз. Басқа вариант жоқ.
Досхан Арғынбаев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:
- Таңертең сағат 8де келдім. Жанды кезекке жазылып, 168ші болып жазылып, кіріп, базаға енгізіп қойды. Енді бір аптаның көлемінде бізге хабарласады, менеджерлер. Амал жоқ, өйткені көлік керек. Күтеміз. Бұл бағдарламаны күтіп жүргенімізге бір жылдан асып кетті. Бүкіл халық күтеді, амал жоқ.
Бағдарламаны сарғая күтіп жүргендер расымен көп. Өйткені шарттары жеңіл.
Бағасы 15 миллион теңгеге дейін көлік алуға болады. Оның 10 миллион теңгесін банк береді. Қалғанын клиент өзі қалтасынан шығаруы тиіс. 4 пайызбен 7 жылға дейін отандық теміртұлпар міне алады.
Ғалымжан Әди, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма басшысы:
- Бұл бағдарламаның бұрынғы бағдарламадан ерекшелігі бар. Себебі: адам көлікті көбірек алуы үшін бір азамат мұндай несиені екі жылда бірақ рет ала алатын болады.
Екінші мәселе, көліктердің бағасы қымбат. Мамандар бұған коронавирустық пандемия мен әлемдегі геосаяси жағдайдың әсерін айтып ақталуда. Теміртұлпарлардың құны аспандап тұрса да, несие мөлшерлемесінің аздығы бұқараны еліткендей. Ал үшіншіден,
көлік салондарында жаңа, әдемі көліктерден көз сүрінеді. Бағасы әрине әртүрлі. Мәселен, мына көліктің құны 10 миллион теңгеден асады. Банктер 10 миллион теңгеге дейін беретіндіктен, үстіндегі сомасын сатып алушы өзі төлеуі керек. Халық бәрін істеуге дайын, бірақ, мынадай көліктер жоқтың қасы.
Көліктердің қай кезде пайда болатыны беймәлім. Оны отандық көлік компаниялары нақты айта алмай отыр. Халықты тек сабырға шақырады.
Айдар Өтешев, дилерлік орталық қызметкері:
- Нақты қай кезде келетінін білмеймін. Айту қиын. Ол енді автокөліктің маркасына байланысты. Егер 1000 адам бір автокөлікті аламын деп өтінім қалдырған болса, ол уақыт еншісіндегі дүние. Күтуге тура келеді. Негізі алып бара жатқандай дау байқалмайды. Азғантай күту керек, сабыр сақтау қажет.
Бүгінгі дау жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысы барларды таңғалдырмағандай. Олар тіпті мұндай болатынын сезіпті. Көліктерді толтырып, әкеліп қойса, бизнеске ауыр тиетінін алға тартады. Айтуларынша, алдымен қанша қазақстандыққа теміртұлпардың қажеттігін білгісі келіпті.
Ринат Гаппаров, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұл бағдарлама аясында шамамен 10 мың автокөлік беріледі. Егер барлығы 10 миллион теңгелік көлікті алғашқы жарнасыз алатын болса, бұл 10 мың автокөлік деген сөз ғой. Алдымен, 10 мың көлік бір автоорталыққа сыймайды. 14 өңірдің барын ескерсек, қай жерде қандай сұраныс бар екенін білеміз.
Көлік жасаушылар автомобиль бәріне жетеді деп сендіреді. Былтыр 90 мың көлік өз иесін тапса, биыл өндіріс 20 пайызға артпақ, Бастысы банктің мақұлдап, несие бергені.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!