Ақтауда сарбаз әскери бөлімшеден жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Ақтаудағы әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз екі аптадан кейін үйіне қайтуға тиіс болған. Бағлан Әділбековтің із-түзсіз жоғалуы жұмбақ дейді әскери бөлім басшылары.
Автор: Айман Нұрмағанбет
16.05.2022
Командирдің айтуынша, маусым айында әскери қызметі аяқталатын жауынгердің ешкіммен қақ-соғы жоқ болған. Үйіне қайтуға екі апта қалғанда әскерден қашып кетуі де түсінксіз.
Ақтауда осымен екінші күн қатарынан жоғалып кеткен сарбаз іздестірілуде. 18 жастағы Бағлан Әділбеков қызметтестерімен бірге көшедегі кезекшілігі аяқталған соң жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Әскери бөлімдегілер сарбаздың қайда барғаны туралы болжам да жоқ деп отыр. Себебі, ол бұған дейін ешқандай арыз, шағым айтпаған. Қазір Ақтөбеден Бағлан Әділбековтың туыстары келіп ұлдарын іздестіру жұмыстарына көмектесіп жатыр.
Марат Рахпанов, №6656 әскери бөлімінің командирі:
- Сарбазды іздестіріп жатқанымызға екі күн болды. Осыған байланысты қызметтік тергеу тағайындалды. Бұл жағдай жоғары тұрған қолбасшылықтың бақылауында. Аталған оқиғаға қатысты тұлғалар тәртіптік жазаға тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!