{metadescription}
Алматыда жалған автобөлшек сақталған ірі қойма әшкереленді
Алматыда жалған автобөлшек сақталған ірі қойма әшкереленді

Алматыда жалған автобөлшек сақталған ірі қойма әшкереленді

Алматыда жалған автобөлшек сақталған ірі қойма әшкереленді. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері қоймадан жалпы сомасы 2 миллиардқа жуық теңгенің тауарын тәркіледі. Бір топ азамат танымал көлік брендтерінің атын жамылып, контрафакт қосалқы бөлшектерді сатумен айналысқан.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Анықталғандай контрафактілік қосалқы бөлшектер фирмалық қораптарға салынып кейін Қазақстанның көлік базарларына таратылған. Жалпы, тергеу шараларының қорытындысы бойынша 106 мыңға жуық автокөлік бөлшектері тәркіленді. Қазір іс сотта қаралуда.

Үш жыл бойы заңсыз істі кәсіп еткендер қосалқы бөлшектерді Toyota, Leхus, Hyundai, Honda сынды брендтердің логотипі  бар қораптарға салып, еліміздің түкпір-түкіпіріндегі көлік базарларына таратқан. Оларды түпнұсқадан ажырату қиын.

Автобөлшектер арзан бағаға сатылып келген. Соңғы жылдары нарықты жалған көлік бөлшектері жаулағаны жасырын емес. Елімізге келетін контрафактілік автобөлшектердің дені Қытайдан жеткізіледі. Кеденнен заңсыз өткен өнімдер нарықта емін-еркін саудалануда.”Тойота” сынды әйгілі компаниялар шығынға батып, түпнұсқа бөлшектерді сату қиындағанын жасырмайды. Көлік шығаратын компания өкілдері көлеңкелі бизнеспен айналысатындар беделімізге де нұқсан келтіреді деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.