{metadescription}
Ресей азаматы бастаған қылмыстық топтан есірткі мен қару-жарақ табылды
Ресей азаматы бастаған қылмыстық топтан есірткі мен қару-жарақ табылды

Ресей азаматы бастаған қылмыстық топтан есірткі мен қару-жарақ табылды

Елорда маңындағы Қосшы қаласында қарасораны арнайы фитозертханада өсіріп есірткінің импорттық түрін әзірлегендер ұсталды. Ресей азаматы бастаған қылмыстық топ мүшелерінен нашадан бөлек, қару-жарақтың небір түрі табылды.

Есірткі өсіретін жылыжай Қызылжар ауылында орналасыпты. Мұнда қарасораны қысы-жазы өсіруге барлық жағдай жасалған.  Жарық түсіретін құрылғылар, кептіретін желдеткіштер және түрлі химиялық қоспалар мен құнарлы топыраққа дейін бар екен. Жайқалып тұрған қарасорадан басқа, бірнеше келі өсімдік өңдеуге дайындалып сөреде кептіріліп тұрған. Тіпті Қосшы қаласындағы жалдамалы пәтерінен қару-жарақ та табылды. 3 Калашников автоматы, 3 тапанша, снайперлік винтовка, 1 граната, 4 оқ өткізбейтін кеудеше, 60 дана оқ-дәрі мен 3 рация және камуфляж бетпердесі тәркіленген. Қазір заңсыз бизнеспен айналысқан үш күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Мейрам Жапбасов, Ақмола облысы ПД басқарма бастығы:

- Аталмыш кәсіпті ұйымдастырушы 39 жастағы азамат Ресей Федерациясы тарапынан «Адам денсаулығына қасақана зиян келтіргені» үшін 2011 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүргені белгілі болды. Олар фитозертханада өсірілген импорттық есірткіні Ақмола облысында және астанаға апарып өткізіп жүрген. Қазір есірткілік өсімдік өсіріп, сату бойынша тергеу басталды. Ал тәркіленген қару жараққа сараптама тағайындалды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде