{metadescription}
Қаскелеңде құтыра атой салған шабандоздар іздестіріп жатыр
Қаскелеңде құтыра атой салған шабандоздар іздестіріп жатыр

Қаскелеңде құтыра атой салған шабандоздар іздестіріп жатыр

Қаланың қақ ортасында көкпар тартып, адаммен қоса алдындағы көлікті де таптап өте жаздаған. Темір тұлпарына ат соқтығысқан Алматы облысының тұрғыны полицияға арыз жазған. Қаскелеңде көкпар ұйымдастырған мен оған қатысқан шабандоздар іздестіріліп жатыр.

Оқиға кеше Қаскелең қаласында болған. Серкені тақымға қысып шауып бара жатқан көкпаршы жол үстінде тұрған «Хюндай» көлігіне соғылады. Шабандоздың өзі аттан ұшып түсіп, дәл темір тұлпардың алдына құлаған. Машинаның капоты майысып, алдыңғы әйнегі сынып кетіпті. Ал серкені тартқылап жүрген жігіттер тым-тырақай қашып ұстатпаған. Қазір полицейлер тар көшеде құтыра атой салған шабандоздарды іздестіріп жатыр. Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек Қарасай ауданында 15 мамырда орын алғаны анықталды. Көкпар ұлттық ойыны жергілікті атқару органдарында тіркелмегенін атап өтеміз. Аудандық полицияда тіркеліп, бүгінгі таңда қатысушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ойын барысында қатысушылар 34 жасар облыс тұрғынының автокөлігімен соқтығысып, жеке мүлікке зардап келтірген. Көкпарға қатысқан азаматтар анықталған кезде әкімшілік жазаға тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде