БҚО-да бес сиырды тоқ соғып өлтірді
Батыс Қазақстан облысында бес сиырды тоқ соғып арам қатты. Ойсыл қара тұқымдары жел құлатқан электр сымдарына оратылып қалған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
16.05.2022
Бұл кадрлар Жаңақала ауданында түсірілген. Жұрттың сөзінше, бес сиыр өрістен қайтып келе жатып дәл үйдің маңына келгенде сеспей қатқан. Тұрғындар қарағайдың ары бері теңселіп тұрғанын бұған дейін әкімдікке де, жарық тарату мекемесіне де айттық дейді. Бірақ бірде-біреуі ескертуді елемесе керек. Енді күшті желден бағаналар құлаған. Тұрғындар жерде жатқан электр сымдарын тезірек жинап алуды талап етеді. Өйткені адам шығыны да болуы мүмкін деп қорқады. Ал билік өкілдері мал иесіне шығын өтеу мәселесін қарасытырып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!