ҰҚШҰ: Тоқев Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігіне көңіл бөлуге шақырды
Халықаралық тероризм мен экстремизмді, заңсыз есірткі мен қару-жарақ саудасын ерекше бақылауға алу қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігіне көңіл бөлуге шақырды.
Автор: Елдос Есенбол
16.05.2022
Әсіресе Ауғанстан аумағындағы қарулы топтардың әрекеті Ұйымға мүше елдердің тыныштығына қауіп төндіріп отыр деді Қазақстан президенті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Ауғанстандағы жағдай, сондайақ осы елдің аумағындағы қарулы топтардың белсенді әрекеті мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына қатер төндіріп отыр. ҰҚШҰ барлық ықтимал қауіпқатерлерді ескеріп, Орталық Азияның оңтүстік шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөлуі керек деп есептеймін.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгершілік күштерін нығайтуды ұсынды. Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан мемлекеттерінің басшылары жиналған Мәскеудегі саммит Ұйымның 30 жылдығымен орайластырып отыр. Президенттер ашық жиында ұйымның өткені мен болашағын талқылап, бірнеше құжатқа қол қойды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!