Автонесие: Екі күнде – 2200-тен астам өтініш
Екі күнде екі мыңнан асты. Күні кеше басталған жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша екі мың екі жүзден астам өтінім түскен. Әзірге екі банк қана қабылдап жатыр. Қалған екі банк жұмысқа аптаның соңына қарай қосылады дейді индустрия министрі.
Автор: Әзиза Төленби
17.05.2022
Жалпы аталмыш бағдарламамен елімізде төрт банк несие рәсімдеуі тиіс.
Естеріңізге салайық, кеше бағдарлама ұзын-сонар кезекпен басталған. Бұл адамдардың алдын ала байбаламға салынып, ерте баруынан туындаған дейді министр Өскенбаев. Әйтпесе банктер өтініш қабылдауға сақада-сай болыпты. Автонесиеге кеш кірісетін екінші деңгейдегі басқа екі банктің қазір жұмысы жеделтетіліп жатыр екен.
Бағдарлама бойынша несие 7 жылға, бастапқы жарнасыз және жылдық 4 пайыз үстемемен рәсімделеді. Басты талап – таңдаған көлік отандық әрі жаңа болуы тиіс. Бұл мақсатқа утилизациялық алымнан түскен 100 миллиард теңге жұмсалмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!