Еуро доллардың теңгеге шаққандағы бағамына жуықтап қалды
Еуро арзандап, бүгінде доллардың теңгеге шаққандағы бағамына жуықтап қалды. Бұл жиырма жылдағы алғаш рет болып тұрған жағдай дейді экономистер. Қазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауданың қорытындысында екі валюта арасындағы айырмашылық – 18 теңге.
Автор: Салтанат Шырынхан
17.05.2022
Халықаралық банктер жақын арада АҚШ ақшасы мен еуроның құны бірдей болады деп болжап отыр.
Бүгін ақша айырбастау пункттерінде доллар бағамы 436 теңге төңірегінде. Ал еуро – 460 теңге 50 тиын. Осылайша еуроның төмендеуіне Еуропа мен Ресей арасындағы көгілдір отын жеткізуге қатысты өзара келіспеушілік себеп. Осылай деген экономистер саяси жағдай салдарынан қазір Еуропа экономикасы да дағдарыс алдында тұрғанын айтады. Ал бұл әсіресе АҚШ-тың федералды резервтік жүйесіндегі пайыздық мөлшерлемені көтерген сайын доллардың өсуіне де байланысты екен. Бұған қоса, шикізаттың да жетіспеушілігі Еуропа ақшасының әлсіреуіне әсер етіп жатқан көрінеді. Алайда сарапшылар жарты жылдықта жағдай қайта қалыпқа келетініне сенімді. Яғни еуро 520-550 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін дейді.
Азат Арупов, экономист:
- Қазір Еуропа да жаһандық дағдарыстың зардабын көре басталды. Бұл 20-шы ғасырдан бергі ең үлкені дағдарыс деп айтуға болады. Осыған байланысты бірнеше фактор бар. Бұл ең алдымен санкция салдарынан болған энергия ресурсының тапшылығынан туындаған мәселе. Бұдан бөлек, біздің экономикамыз көршілес Ресей экономикасымен тығыз байланысты. Барлық тауарлар мен қызметтердың 42 пайызы біздің солтүстіктегі көршілес мемлекеттен келеді. «Еуро мен рубль» қандай көрсеткіште болса, «еуро мен теңге» де сол көрініске жақындайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!